Your delivery expert

Орауыш

Орауыш

Сіздің жөнелтіміңіз қаншалықты сенімдірек оралса, ол алушыға соғұрлым тезірек және сенімдірек жеткізілетін болады. Бұл жерден сіз посылканы қалай жақсылап орауға болатыны туралы бірнеше практикалық кеңес таба аласыз.

Біз сіздің құжаттарыңыз бен посылкаларыңызды сенімді және тез жеткізуді қамтамасыз етеміз. Бұл жерден сіз алдын ала қамдануға қажетті бірнеше қарапайым кеңесті таба аласыз.

  • Тасымалдауға тапсырылатын посылкалар жарамды ыдыс пен орауышта болуы тиіс
  • Орауышы таза және құрғақ, сырты бүлінбеген және ішіндегісіне қолжеткізілмейтіндей болуы тиіс
  • Орауыштың сипаты ішіндегі жүкке және салмағына сәйкес болуы тиіс (орауыштың ішіндегісінің сақталуын қамтамасыз ету)
  • Посылкалар өзара байланысты болмауы (бөлінбейтін болуы) тиіс
  • Қауіпті жүк таңбалануы бар қораптарды (ыдыстарды) пайдалануға тыйым салынады
  • Салымдар тығыз орналастырылуы және арасында бос жер болмауы тиіс
  • Металл, шыны, қыш, ағаш, пластмасса және басқа ыдыстар ішіндегісінің сақталуын және жүктердің ішіндегісінің ағуын, төгілуін немесе шашылуын болдырмауды толық қамтамасыз етуі тиіс
  • Ерекше тасымалдау және сақтау талаптарын талап ететін жүктерде тиісті таңбалану, манипуляциялық белгілер және оны қалай ұстау керектігі туралы жазылған нұсқаулық болуы тиіс
Байланыс орталығы

Телефон

8 8000 700 700

Алматы

8 (727) 313 2779







Жедел жеткізу нарығындағы көшбасшы. Бізге күн сайын мыңдаған клиенттер өз жүктерін жеткізуге сенім артады. Біз халықаралық DPD желісіне кіреміз, бірақ бұл ретте біз өзіміздің ішкі нарықтағы сарапшылар болып табыламыз. «ДПД Казахстан» компаниясы Қазақстандағы DPD халықаралық брендпен жұмыс істейді.

01 қарашадан 15 наурызға дейін ең көп жеткізу мерзімі 1 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Деректерді қорғау