Your delivery expert

Шағымдармен жұмыс істеу

Шағымдарды беру мерзімі және тәртібі

Пошта байланысы қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес «ДПД Қазақстан» ЖШС қойылатын шағымдар жіберу үшін жөнелтімдерді тапсыру күнінен бастап 2 (екі) ай ішінде (Пошта байланысы қызметтерін көрсету туралы типтік шарттың 5.2-т. сәйкес) немесе тиісті жеке шартта көрсетілген басқа мерзімдерде ұсынылуы тиіс.

Шағымға жауап беру мерзімі шағым және толық құжаттар пакетін берген күннен бастап 25 жұмыс күнін құрайды.

Шағым түскен күн және оған жауап берген күн қарау мерзіміне қосылмайды.

Шағыммен бірге жөнелтім фактісіне, жөнелтім (немесе оның бөлігі)/жүктің жоғалуына, бүлінуіне немесе кешігуіне, жөнелтімнің (немесе оның бөлігінің) құнына, зақымдану және жетіспеушіліктерді бағалауға қатысты барлық құжаттық ақпарат, екіжақты Актінің көшірмесі (Жүктің зақымдануын анықтау туралы акт) жіберілуі тиіс.

Егер шағымды қарау процесінде қосымша құжаттарды, хаттарды ұсыну үшін өтініш берушінің атына сұраулар жіберілген болса, осы құжаттарды күтуге кеткен уақыт шағымдарды қарау мерзімінен шығарылады.

Шағымдарды қарау үшін қажет құжаттардың толық пакеті төменде аталған құжаттарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  • Белгіленген тәртіпте бастамашыда тіркелген және шағым бастамашысының толық атауымен және деректемелерімен «ДПД Қазақстан» ЖШС атына түпнұсқада оның дайындалған күні белгіленген шағым хат;
  • «DPD» жөнелтпе құжаттың көшірмесі;
  • Пошта байланысы қызметтерін көрсету туралы жария шарттың тиісті қосымшасында белгіленген нысан бойынша Коммерциялық Акт немесе екі компанияның уәкілетті өкілдері қол қойған шарт талаптарын сақтамауды/бұзуды растайтын басқа Акт; Осындай әрекеттерге тиісті түрде уәкілетті емес тұлға қол қойған Акт жарамсыз және заңды күші жоқ болып табылады және тиісті шағымның дәлелдері мен талаптарын негіздеу ретінде қабылданбайды.
  • Айқын кескіні бар, тиісті сапалы фотосуреттер;
  • «DPD» жөнелтпе құжат бойынша жіберілетін/қабылданатын жөнелтімнің өзіндік құнын растайтын бастапқы қаржылық құжат, ол шот-фактура (инвойс), немесе сатып алу актісі, немесе тауар жеткізуші тауардың сатып алу құнын көрсететін шағымдарды бастамашыға ұсынған жағдайда зақымданған жөнелтімнің сатып алу құнын растайтын басқа құжат болуы мүмкін;
  • Жүк қалпына келтіру мүмкіндігімен ішінара зақымданған жағдайда – анықтама немесе зақымдану сипатын растайтын басқа құжат, қалпына келтіру үшін қажетті мәліметтер және жөндеу қызметінің құны, сонымен қатар сервистік қызметтерді орындау құқығын растайтын сервис орталығының құқықтық құжаттары.
  • «ДПД Қазақстан» ЖШС атына Клиенттен төлем негізімен келтірілген залал сомасы үшін төленетін шот — «Залалды өтеу». Төленетін шотсыз шағым қанағаттандырылмайды деп есептеледі, бұл ретте залал сомасын төлеу шотынсыз шағым беру оны енгізу үшін мерзімнің өтуін тоқтатпайды және берілмеген шағыммен теңестіріледі.

Қаржылық сипаттағы талаптары бар шағымдар келесілерді қамтиды:

  • Шағым ұсынылған жағдайлар;
  • Шағым ұсынылған жағдайлар;
  • Өтініш берушінің талаптары;
  • Көрсету күні;
  • Шағым сомасы, оны есептеу/ түсіндіру;
  • Өтініш берушінің немесе пайда алушының төлем деректемелері;
  • Ұйым басшысының немесе уәкілетті тұлғаның қолы;
  • Нөмірленген ретпен қосымшаларға сілтеме және шағымға тіркелген парақтар саны.

Коммерциялық немесе «ДПД Қазақстан» ЖШС өкілінің қатысуымен жеткізу кезінде жасалған басқа Актіде: ішкі салымдардың зақымдануы немесе салымдардың бір бөлігінің жоғалуы; сыртынан қол жетімділік мүмкін болатындай етіп орауыштың, пломбаның зақымдануы және тиісті ішкі зақымданулар/жетіспеушіліктер белгіленуі керек. Жөнелтімнің немесе оның бір бөлігінің жоғалуы, орауыштың зақымдануы және Қазақстан Республикасының шегінен тыс тиісті ішкі зақымданулар/жетіспеушіліктер жеткізуді жүзеге асыратын компанияның құжатында жеткізу кезінде тіркелуі тиіс. Ішкі жетіспеушіліктерін анықтау құжатты, Салымдар тізімдемесі бойынша Актіні, орауыш парақтар, шот-фактуралар, жетіспеушілік анықталған жүк орнындағы тауар жөнелтпе құжатын ресімдеу кезінде жасалады.

Келтірілген залалды өтеу туралы талаптары бар шағымдар, сонымен қатар оларға қоса берілген құжаттар шағым бастамашысының фирмалық мөрінің (елтаңбалы, бастамашы ретінде мемлекеттік ұйым болған кезде) түпнұсқалық баспа-таңбасы болуы тиіс.

Қаржылық сипаттағы талаптарды қамтымайтын шағымдар еркін нысанда жасалып және пошта, факс, электрондық пошта арқылы жіберілуі мүмкін.

Сізге ыңғайлы болу үшін шағым үлгілеріне қолжетімді.

Сіз шағым үлгісін толтырып және оны төменде көрсетілген пошталық мекенжай бойынша «ДПД Қазақстан» атына жібере аласыз.

Алматы қ., Назарбаева к., 273, USKO ғимараты, 1-қабат

Тел: 8 8000–700–700

Шағымға қол қойып және жасалған күнін белгілеу керек.

Шағымдарды электрондық түрде claims@dpd.kz электрондық поштаға жіберіңіз. Бұл жағдайда құжат сканерленген түрде және қолы мен шағымдарды жасау күні болуы тиіс.

Толық ақпарат Жөнелтімді басқару



Жедел жеткізу нарығындағы көшбасшы. Бізге күн сайын мыңдаған клиенттер өз жүктерін жеткізуге сенім артады. Біз халықаралық DPD желісіне кіреміз, бірақ бұл ретте біз өзіміздің ішкі нарықтағы сарапшылар болып табыламыз. «ДПД Казахстан» компаниясы Қазақстандағы DPD халықаралық брендпен жұмыс істейді.

01 қарашадан 15 наурызға дейін ең көп жеткізу мерзімі 1 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

Деректерді қорғау